Алматы облысы Төңкеріс ауылындағы өрттің себебі белгілі болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысы Төңкеріс ауылындағы өрттің себебі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, Төңкеріс ауылындағы 8 пәтерлі барак типті үйдің өртенуіне электр желісінің қысқа тұйықталуы себеп болған.

Өрт 30 қараша күні сағат 18:15 шамасында тұтанды. 8 пәтердің алтауын өрт шалды, оның ішінде екеуінің шатыры жанған.

Абырой болғанда, тұрғындар дер кезінде үйден шығып үлгерді.

Оқиға орнына сол күні түнде Талғар ауданының әкімі Қайдар Әбдіханов жетті. Әкім өрт болған үйде келесі күні де болып, зардап шеккендердің санын анықтады.

Белгілі болғандай, барак типті үйде барлығы 34 адам тұрады. Оның 16-сы - бала.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Төңкеріс ауылында 8 пәтерлі үй өртенгенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар