Алматы облысы тауларында тағы да өрт шықты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының тауларында тағы да дала өрті шықты. Куәгерлер Талғар қаласы маңындағы қызыл жалын видеосын әлеуметтік желілерге жүктеп дабыл қаға бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиға кеше кешкісін болған. Талғар маңындағы тауларда құрғақ шөп өртенді. Аумағы шамамен 10 гектар. Елді мекендерге ешқандай қауіп төнген жоқ. Тілсіз жаумен күресуге төтенше жағдай қызметкерлерімен жергілікті атқарушы билік өкілдері жұмылдырылды. Сондай-ақ жалынды ауыздықтауға түнде жауған жаңбыр да өз үлесін қосып, өрт 21.14 толығымен өшірілді», деп Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді. Сондай-ақ мамандар өңірде өрт қауіпті кезең сақталып тұрғанын ескертеді.



Соңғы жаңалықтар