Алматы облысы: Тауда жоғалған баланың ата-анасы шопанның үстінен арыз жазды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында ата-ана баласының қолынан телефонын тартып алмақ болып, қорқытқан қойшыға қатысты арыз жазды. Кейіннен әлгі қойшыдан қорыққан бала қашып кетіп, содан табылмаған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір бұл арыз Алматы облысы Жамбыл ауданы полциясының қарауында.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бұл қойшы балаларды телефонымды қайтарыңдар деп қорқытқан.

Балаларға сес көрсеткен 45 жастағы қойшы полицияға берген жауабында телефонды шынымен алып қоймақ болғанын мойындаған.

Бірақ, балалар қашып кеткен соң оларды еш жерден көрмегенін айтқан.

«Баланың ата-анасы қойшыға қарсы арыз берді. Тергеу орындары шопанның әрекетіне құқықтық баға беретін болады. Оны ұстауға ешқандай негіз жоқ. Бұл шопанның жоғалған балаға қатысы бар-жоғын тап басып айта алмаймыз», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнаев.

Полицейдің айтуынша, қазір қойшының өзі де баланы іздестіру шараларына қатысып жатыр.

Айта кету керек, Алматы облысының Жамбыл ауданында жоғалып кеткен бала 14 шілдеден бері іздестіруде. 2011 жылы туған Ернұр Сәдуақас Ынтымақ ауылынан оңтүстік қапталдағы «Кіші саз» жайылымына бара жатқан жолда таулы аумақта жоғалған. 7 жастағы Ернұрмен бірге үлкенді-кішілі 5 бала жолға шыққан. Қазір балалардың барлығы ауылда. Тек Ернұр ғана оралмады.

6-күнге жалғасқан іздеу шаралары әлі нәтиже берген жоқ.

Жалпы алғанда баланы табу үшін 115 адам: құтқарушылар, полиция, әскери қызметшілер, шекарашылар, жергілікті тұрғындар 22 шақырым радиустағы жердің бәрін тінтіп шықты.

Соңғы жаңалықтар