Алматы облысы Талғар қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтуде

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Талғар қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтуде, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«13 қазанда аудан әкімдігінің ғимаратында терроризмге қарсы күрес жөніндегі аудандық жедел штабтың ұйымдастыруымен терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізуіне байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын түсіністікпен қарап, сабыр сақтауын сұраймыз», - делінген Талғар ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқу-жаттығу түрлі күрделі элементтермен жауынгерлік жағдайда өтуде. Іс - шараның мақсаты-терроризмге қарсы күрес жөніндегі аудандық жедел штабтың күштері мен құралдарының өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын тексеру.


Соңғы жаңалықтар