Алматы облысы Талғар ауданының экс-әкіміне үкім шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Талғар ауданының бұрынғы әкімі С. Ерекешев пен бөлім басшысына сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Алматы облысы Талғар аудандық сотының үкімімен Талғар ауданының бұрынғы әкімі Ерекешев сотталып, оған 59,4 млн теңге айыппұл салынды.

Осы үкіммен Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шамаев 29,7 млн теңге айыппұлға сотталды», - делінген хабарламада.

Мәлім етілгендей, аталған лауазымды тұлғалар ЖШС директорынан сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және ЖШС-ны мемлекеттік қызметтерді жосықсыз жеткізуші деп тану туралы сотқа талап-арыз жібермеу үшін 2 млн теңге сомасында пара алған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Соңғы жаңалықтар