Алматы облысы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін - ТЖД

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті алдағы күндері жауын-шашын болатынын ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамырдың 2-3 күндері кей жерлерде қатты нөсер жауатынын болжап отыр. Осыған байланысты өзен суының деңгейі көтерілуі мүмкін», - делінген ведомствоның таратқан ақпаратында.

Ескерту хабарламалар тұрғындарға СМС арқылы да жолданып жатыр. Мамандар тұрғындарды абай болуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар