+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Алматы облысы: өздеріне заңсыз сыйақы тағайындаған ауыл әкімдері жазаланды

2020 жылғы 27 мамыр 13:04
Бөлісіңіз:
Алматы облысы: өздеріне заңсыз сыйақы тағайындаған ауыл әкімдері жазаланды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлер жұмыс барысында жіберген кемшіліктері үшін тәртіптік жазаға тартылды. Олардың қатарында ауыл әкімдері, бөлім басшылары мен аудан әкімдерінің орынбасарлары бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінде ардагерлер кеңесі құрылды IMD рейтингі: Кәсіпкерлер екінші жыл қатарынан елімізде жемқорлықтың азайғанын растап отыр

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облыстық департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес Райымбек ауданына қарасты үш ауыл әкімі бұрын алған сөгістеріне қарамастан өздеріне сыйақы тағайындаған. Алайда кемшілік анықталғаннан кейін әкімдер мемлекетке келтірген шығын орнын толтырып, алған сыйақыларын толық қайтарған. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 5-тармағының 3-тармақшасын бұзып, яғни өздері қабылдаған шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етпегендері үшін оларға «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Сондай-ақ, Кербұлақ ауданы бойынша аудан әкімінің орынбасары қызмет барасында балағат сөздер қолданып, дөрекілік танытқан. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 5-тармағының 2-тармақшасын бұзып, яғни жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтамай, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытпағаны үшін Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасарына «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынысы жасалды.

Әдеп кеңесінде Панфилов ауданы прокуратурасының ұсынысы бойынша Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылдық округінің әкіміне қатысты тәртіптік іс қаралды. Ауыл әкімі саябақтың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмай жатып мердігерге қаржыны толық аударып жіберген. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін оған «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT