Алматы облысы мәслихатының депутаттығына қай партиялар өтті

None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облыстық сайлау комиссиясы 19 наурызда өткен мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлаудың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Электорат тізіміне 966 304 тұрғын енгізілді. Соның ішінде дауыс беруге 579 734-і қатысты.

Сайлауға 6 саяси партия түсті. Оның ішінде 2 партияға ғана мандат берілді.

Сайлаушылардың 5 және одан көп пайыз дауысын жинаған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар төмендегідей бөлінді:

«Amanat» партиясы – 16;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 3;

Саяси партия үшін берілген дауыстар саны келесідей:

«Amanat» партиясы – 403 950 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 71,28%;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 78 726 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 13,89%;

«Respublica» партиясы – 10 038 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,77%;

Қазақстан Халық партиясы – 12 583 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 2,22%;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 9 662 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,70%;

«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы – 19 511 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 3,44%;

«Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлау бюллетеньдер саны – 32 270.


Соңғы жаңалықтар