Алматы облысы құрылыс басқармасының басшысы ауысты

None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Алматы облысы әкімінің өкімімен Сапар Сейілханұлы Нұрашев облыстық құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Сапар Нұрашев 1975 жылы туған. 2001 жылы Алматы технологиялық университетін «Тамақ өнеркәсіп саласының экономикасы мен менеджменті» мамандығы бойынша, 2008 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы» мамандығы бойынша, 2017 жылы Алматы технологиялық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы «Темір агроөнеркәсіп фирмасы» ЖШС директорының орынбасары болып бастаған. Әр жылдары «БН Азия Альянс», «Асыл құрылысы» ЖШС директоры, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының бас маманы, басшысы, Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2022 жылдың сәуірінен Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болды.

Үйленген, 4 баласы бар.



Соңғы жаңалықтар