Алматы облысы: Елбасы ауыл шаруашылығында қайта өңдеу саласын дамытуды тапсырды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысында ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласын дамытуды тапсырды. Бұл туралы Президент өңірге сапарының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде Алматы облысында Президенттің осыдан 3 жыл бұрын берген тапсырмалары орындалып жатыр. Жетісу өңірінде қант қызылшасы, жүгері және соя өндірісі төмендеп кеткен болатын. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен өңірде  қант өндірісі қайта жанданды. Мәселен былтыр Алматы облысы 9 мың гектарға тәтті түбір егіп, 350 мың тоннаға жуық  өнім жинады. Нәтижесінде 32 мың тоннадан астам таза қант шығарған болатын. Ал биыл егістік алқабын 11 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр.  Шекаралық аймақтың әлеуетін арттыру үшін біріктірілген аудандар қайта құрыла бастады. Жалпы алғанда мұның бәрі облыс экономикасының қарқынды дамуының белгісі.

nullӨз сөзінде Елбасы Алматы облысында ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу жұмыстарын ілгерілету қажеттігін атап өтті.   

null«Шағын және орта бизнеске жіті көңіл бөлу керек. Мал шаруашылығы болуы тиіс. Ауылшаруашылық өнімдері қайта өңделуі қажет. Әсіресе, жемістер, көкөністер, қызылша, соя, арпа уыты. Яғни, осы салаларды дамыту керек және ең бастысы, қайта өңдеу. Бұл бағытта да жұмыстар атқарылуда. Және біз көмектесіп жатырмыз. Сондықтан облыс алдында тұрған міндеттер көп, әлеует өте жоғары, табиғат тамаша», - деді Президент.

nullЖалпы Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімі Амандық Баталовтың соңғы 3 жылдағы жұмысына оң баға берді. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар