Алматы облысы: Екі жыл іздеуде жүрген күдікті қолға түсті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері екі жыл іздеуде болған күдіктіні қолға түсірді. Оқиға Қапшағай қаласында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа стадион маңында қыдырып жүрген отбасы бір топ жастың дауласып жатқанын байқайды. Көліктеріне мініп, жылдам кетіп қалуға әрекеттенген кезде екі рет мылтық атылып, бытыраның қаңғырған оғы алдыңғы орындықта отырған 10 жастағы жасөспірім қыздың басына тиеді. Ата-анасы оны жедел түрде қалалық ауруханаға жеткізген.

«Осы бұзақылық дерегіне қатысы бар деген күдікке ілінген 1990 жылғы Талдықорған қаласының тұрғынына іздеу жарияланған. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында күдікті Алматы қаласында ұсталып, Қапшағай қаласы полициясының уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды»,- деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабына орай сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Зардап шегуші жасөспірім дәрігерлер көмегінен кейін үйіне жіберілді.

Соңғы жаңалықтар