Алматы облысы: Денеге сурет салатын жігіт 25 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында денеге сурет (татуировка) салатын жігіт 25 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен ұсталды. Оқиға Қарасай ауданында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицейлер екі жергілікті тұрғынды ұстады. Олардың біреуі кісі өлтіруге, екіншісі оны жасырғаны яғни қылмыс жөнінде хабарламағаны үшін тергелуде.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 қыркүйек күні Қарасай аудандық полиция басқармасына Қаскелең қаласының тұрғыны 25 жастағы әпкесінің жоғалғаны туралы арызданған. Із-түзсіз жоғалған әйелді іздеу үшін аудандық және облыстық полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Сонымен қатар, оның жоғалуына байланысты Қарасай аудандық полициясы ҚР ҚК 99 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Іздеу салынған көлік көп ұзамай Әйтей ауылының маңында жанып кеткен күйінде табылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті өзінің сыбайласымен бірге ұсталды. Ұсталған адамдар таулы аймақтан жәбірленушінің мәйіті жерленген орынды көрсетті»,-деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Кісі өлтірген күдікті 22 жастағы жас жігіт денеге сурет салатын салондардың бірінде істейтіні белгілі болды. Қылмыс күдіктінің жұмыс орнында жасалғаны анықталды. Ал оқиғаның қалай болғанын полиция сотқа дейінгі тергеу барысында анықтайды.

«Күдіктіге дос болып келетін екінші ұсталған адамның үстінен ҚР ҚК 434-бабы бойынша айып тағылады. Қазір осы факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Екі күдікті де күзетпен бақылауда», - деп атап өтті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар