Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды

None
Фото: gov.kz
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің өкімімен Ерболат Сарабеков облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат облыс әкімдігі сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ерболат Сарабеков 1985 жылы туған.

2008 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «басқару мен ақпаратты өңдеудің компьютерлік жүйелері», 2013 жылы Алматы үздіксіз білім беру университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Есік қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы болып бастады.

Әр жылдары Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің жетекші маманы; дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекші маманы, басшысы; ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы, басшысы лауазымдарында жұмыс істеген.

2023 жылдың 20 ақпанынан бастап Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының олимпиадалық спорт түрлері және спорттық резервтер бөлімінің басшысы болды.


Соңғы жаңалықтар