Алматы облысы білім басқармасына басшы тағайындалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Білім басқармасының басшысы болған Лəззат Базарқұлованың өз еркімен жұмыстан кетуіне байланысты басқармаға жаңа басшы келді. Енді бұл лауазымға  Жүнісов Дәурен Хабдолданұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүнісов Дәурен Хабдолданұлы 1979 жылы туған. Еңбек жолын Көксу ауданы Бесқайнар ауылының орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастап, кейіннен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Мұқаншы орта мектебінің директоры, Қазақ орта мектеп-гимназиясының директоры лауазымдарында болды.

Әр жылдарда облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық-жұмыс бөлімінің бас инспекторы, Іле аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы, «Жөндеу құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2015 жылдың сәуір айынан - Іле ауданы әкімінің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар