Алматы облысы аумағындағы республикалық маңыздағы жолда көлік қозғалысы шектелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боран мен көктайғақ салдарынан Алматы облысы аумағындағы республикалық маңыздағы жолда көлік қозғалысы шектелді.

«Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, бүгін кешқұрым жүк көліктері үшін «Алматы-Өскемен» жолының 424-558 шақырымындағы аралығында жол жабылды.

Бұдан бөлек, «Үшарал - Достық» автожолының Көктума - Достық учаскесінің 83-184 шақырымы аралығында барлық көлік түрлері үшін жол жабық тұр. Бұл шектеу 29 қарашада енгізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар