Алматы облысы Арыстағы 157 үйді жөндеп жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы тарапынан Арыстағы 157 жекеменшік үй қалпына келтіріледі. Қазір жетісулықтар Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шаһарды қалпына келтіру бойынша еліміздің әр облысы және республикалық маңызы бар қалаларға арнайы учаскелер берілді. Бізге №15 учаске берілді. Бұл ауданда 29 көшеде 9 әлеуметтік, 14 коммерциялық нысан мен 854 жекеменшік тұрғын үй орналасқан. Оның ішінде 157 жекеменшік үй облыс тарапынан қалпына келтірілетін болады. Бүгінгі күні жұмыстың жоспары жасалып, ауқымы анықталуда», - деді Амандық Баталов.

Бұл істі жүзеге асыру үшін Арыс қаласында арнайы жұмыс тобы жүр деген облыс басшысы құрылыс бір айдың ішінде бітуі тиіс екендігін алға тартты.

«Алматы облысы әкімнің орынбасары Лаззат Мақатұлы сол жерге 3-4 құрылыс компаниясын алып, мамандармен барды. Сол жерде арнайы штаб құрды. Қазір әр үйді, әр нысандарға техникалық тексеру жүргізіп жатыр. Қай жерде шатыр кеткен, қай жерде терезе түсіп қалған, қай жерде қабырғалары құлаған. Солардың барлығын ретке келтіру мақсатында жұмысқа кірісіп кетті», - деді А.Баталов.

Соңғы жаңалықтар