Алматы облысы Ақсу ауданындағы су тасқынына байланысты жергілікті халыққа тиісті көмек көрсетілетін болады - Мемлекет басшысы

None
None
АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Алматы облысы Ақсу ауданындағы су тасқынына байланысты жергілікті халыққа тиісті көмек көрсетілетін болады.

Бұл туралы бүгін Ақордада Үкімет мүшелерінің және облыс әкімдерінің қатысуымен өтіп жатқан кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеңес басталмас бұрын бір мәселеге тоқталып өтпекпін. Алматы облысының Ақсу ауданында су тасқыны болды. Әзірге одан келген шығын мөлшері белгісіз. Менің тапсырмаммен құрылған үкіметтік комиссия тиісті жұмыстарды атқарып, оның нәтижелері белгілі болғаннан кейін Премьер-Министр сонда барып, тиісті шараларды атқаратын болады», деді Мемлекет басшысы.

Президент су тасқынынан зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетілетіндігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар