Алматы облысы Ақсу ауданындағы су тасқыны салдарынан қазіргі мәліметтер бойынша 35 адам қаза тапты

None
None
СТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Алматы облысы Ақсу ауданындағы су тасқыны салдарынан қазіргі мәліметтер бойынша 35 адам қаза тапты. Бұл туралы бүгін Ақордада аталған мәселеге орай өткен кеңесте Елбасы Н.Назарбаев мәлім етті.

«Алматы облысының Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылында қазіргі мәліметтер бойынша 35 адам қаза тапты. Осыған байланысты тиісті төтенше шаралар қазіргі кезде қолданылды», деп атап өтті Президент.

Кеңеске қатысушылар су тасқыны салдарынан қаза болғандарды 1 минут үнсіздікпен еске алды.

Мемлекет басшысы қазіргі кезде үйсіз, азық-түліксіз қалған адамдарға тиісті жерге орналастырылып, оларға медициналық көмек көрсетілгенін, сондай-ақ уақытша тұратын жер берілгенін атап өтті.

ҚР Президенті су тасқыны салдарынан төлқұжаттарынан айрылғандардың тізімін алып, олардың құжаттарын жасау мәселесін қарастыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар