Алматы облысы Ақсу ауданына қарасты Құрақсу ауылының тұрғындары су тасқыны қаупі туындауы салдарынан басқа жерге көшірілді

None
None
АСТАНА. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат - Алматы облысы Ақсу ауданына қарасты Құрақсу ауылының тұрғындары су тасқыны қауіпі туындауы салдарынан басқа жерге көшірілді, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен.

«Наурыздың 22-інде Құрақсу ауылында Ақсу өзенінің деңгейі көтеріліп, Құрақсу-Матай (8 шақырым) автожолын су шайып кетті. Су шайған жол шамамен 400 метрді құрайды. Ауылды су басу қауіпі туындап отыр», делінген хабарламада.

Келесі күні аудан әкімінің орынбасары ауыл тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылдаған.

Қазіргі уақытта ауыл тұсындағы су бөгетін нығайту және ұзарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайдың алдын алуға «№72 Сарқанд шаруашылық есептегі басқармасы» ЖШС-інің (1 бульдозер, 2 МТЗ-80) техникалары мен 30 ауыл тұрғыны тартылған.

Соңғы жаңалықтар