Алматы облысы әкімінің табысы белгілі болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының «Өзіңнен баста» республикалық акциясының аясында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен оның орынбасарлары өздерінің табыстарын атады.

2014 жылы облыс әкімі Амандық Баталовтың табысы 18 миллион 778 мың теңгені құраған.

Махаббат Бигелдиев 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап облыс әкімінің бірінші орынбасары ретінде 5 млн. 644 мың теңге алған.

Әкімнің орынбасары Серікжан Бескемпіров былтыр 13 млн. 814 мың табыс тапты.

Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымовтың табысы - 4 млн. 983 мың теңге. Бұл қызметті ол 2014 жылдың қыркүйек айынан атқарып келеді.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиевтің табысы 13 млн. 530 мың теңгені құрады.

Бахтияр Өнербаевтың 2014 жылғы қараша айынан бері тапқан табысы 2 млн. 256 мың теңге болды.

Соңғы жаңалықтар