Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бұған дейін Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасын басқарған Рустам Әли Амандық Баталовтың орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Рустам Әли 1984 жылы туған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Шығыстану мамандығы бойынша (бакалавр, магистратура, докторантура), І. Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген. Философия докторы (PhD). Бірқатар ғылыми зерттеу кітаптарының авторы және бірлескен авторы.
Еңбек жолын Алматы қаласында «Деловая неделя» газетінің тілшісі болып бастаған. Кейін Centralasiaonlaine.com сайтында фрилансер, «Каспий» Орта Азия мен Кавказдағы этномәдени және геосаяси зерттеулер журналының Қазақстандағы ресми өкілі, «Деловая неделя» газетінің халықаралық бөлімінің редакторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің оқытушысы, «Деловая неделя» газеті бас редакторының орынбасары, Талдықорғандағы «Жетісу жастары» МҚКК директоры, І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың журналистика кафедрасының оқытушысы, Ескелді ауданы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі, Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы, «ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының» Алматы облысы бойынша филиалының оқытушысы болды.
2016 жылдың мамырынан осы уақытқа дейін Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.
- Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
- Алматы облысында қашықтан оқыған 300 оқушыдан коронавирус анықталды
- Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
- ҚР Президенті Премьер-Министрді тағайындауға қатысты: Пікірталас ашық әрі айқын болды
-
Елбасы кітапханасына жаңа директор тағайындалды
-
Асқар Мамин: Үкімет Парламентпен үйлесімді жұмыс істейді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам