Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.06 EUR 429.19
RUB 6.08 CNY 55.83
Jańalyqtar

Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

2019 жылғы 12 шілде 13:32 288
Бөлісіңіз:
Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің өкімімен Манзоров Бағдат Сайланбайұлы аймақ басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ал бұған дейін осы қызметті атқарған Байжанов Айдарбек Естебекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы облысы әкімінің өкімімен қызметінен босатылды.

Манзоров Бағдат Сайланбайұлы 1962 жылы туған. 1983 жылы Қазақтың физкультура институтын «Дене шынықтыру және спорт оқытушысы» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ тұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша және 2018 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «Техника және технология магистрі - көлік құрылысы» мамандығы бойынша бітірген.
Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды 

Еңбек жолын Талдықорған қаласының жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің жаттықтырушы болып бастаған. Әр жылдарда Кировск колхозы базарының директоры, «Шаған» ЖШС президенті, «Айсер» ЖШС директоры, Көксу ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Көксу ауданының әкімі, Ақсу ауданының әкімі, Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі, Алматы қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2019 жылдың ақпан айынан - Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы қызметінде болды.
Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT