Алматы облысы әкімінің орынбасары ауысты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының активі өтіп, соның барысында аймақ басшысы Амандық Баталов жетісулықтардың алдында Қазақстан Президентінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асырудағы басты міндеттерді қойды.

Отырыс басталар алдында облыс әкімі активке облыс әкімінің жаңа орынбасарын таныстырды. Ол қызметке Бахтияр Алтайұлы Өнербаев келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бахтияр Әлтайұлы 1967 жылы туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Қырғыз ұлттық мемлекеттік университетін бітірген. Саясаттану ғылымдарының кандидаты. Институтты бітіргеннен кейін еңбек жолын С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің органикалық емес химия кафедрасының лаборанты болып бастады. Әр жылдары С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетте кафедра инженері, Қазақстан Республикасы коммуналдық меншігін мемлекеттік иелігінен алу және жекешелендіру комитетінің маманы, бас маманы, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасында ұйымдастыру және сыртқы қатынастар мен шараларды ұйымдастыру бөлімдерінің меңгерушісі, Алматы қаласының Соттар әкімшісі, ҚР Жоғарғы соты жанындағы соттарды Әкімшілендіру комитеті төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Жоғарғы Соты аппаратында департамент басшысының бірінші орынбасары болып қызметтер атқарған. 2012 жылғы сәуірден - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бөлім меңгерушісі.

Соңғы жаңалықтар