Алматы облысы әкімінің аурухананың бір бөлімінде жалғыз жатқаны рас па

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының әкімі Амандық Баталов аурухананың бір бөлімінде жалғыз жатыр деген ақпаратты әкімдіктің баспасөз қызметі жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Instagram желісінде 85 мыңнан астам оқырманы бар «Талдыкорганец» парақшасында Амандық Баталовтың аурухананың бір бөлімінде жалғыз ем алып жатқаны жарияланды.
«Баталов Талдықорған қаласында орналасқан көпсалалы ауруханада жатыр. Және ол сол блогта жалғыз жатыр. Соның салдарынан қарапайым науқастарды аудандарға жіберуде. Ол жерге тек бас дәрігер ғана кіріп-шыға алады» делінген авторы көрсетілмеген жазбада.
ҚазАқпарат тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелге хабарласып, мән-жайды анықтап білді.
«Амандық Баталовтың Талдықорғандағы көпсалалы ауруханада жатқаны рас. Бірақ ол жалғыз өзі бір бөлімде жатыр деген ақпарат жалған. Ол кісімен бірге бір бөлмеде 11 адам ем алып жатыр. Олардың арасы арнайы жабдықпен бөлінген», - деді Ғалымұрат Жүкел.
Естеріңізге сала кетейік, 22 маусым күні Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.
- Қостанай облысында 9700 тұрақты жұмыс орны ашылады
- Ғалым коронавирус туралы: Профилактикалық қадамдарға мән берген жөн
- «Қызыл» аймақтағы Қостанай облысында бүкіл оқушылар қашықтан оқиды
- Коронавирус: Бір тәулікте Теңіз кенішіндегі науқастар 81 адамға көбейді
-
Алматының әлеуметтік әл-ауқат басқармасына жаңа басшы келді
-
COVID-19-ға қарсы вакцина: Әлемдегі жағдай қандай
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам