Алматы облысы 4 күннен бері дала өртімен арпалысып жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысының Панфилов ауданында төрт күннен бері жайылым өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«400-500 гектардай жайылымдық жер өртенді. Қазір де өртеніп жатыр. Қызыл жалын тоғайға да жетті. 1,5-2 гектар шамасында қарағай өртенді. Тікұшақпен қызыл жалынды сөндіру жүріп жатыр. Күнде 50-70 адам сол оқиға орнында жұмыс істеп жатыр», - деді Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Шухрат Құрбанов.

Әкім орынбасарының сөзінше, өртеніп жатқан жер Жаркент қаласынан 50 шақырым жерде таулы аймақта орналасқан. Ол маңға атпен, көлікпен жету қиындық тудырады. Бірақ мемлекеттік қызметкер өрттің ауыл аймақтарына қаупі жоқ деп сендірді.

Естеріңізге сала кетейік, 5 тамыр күні Панфилов ауданында дала өртін өшіремін деп қаза тапқан үш адамның екеуі бүгін жер қойнына тапсырылды. Бұған дейін, өрттен үш адамның қаза тауып, 7 адамның зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз. Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің мәліметінше, марқұм болған үш азамат мемлекеттік наградаға ұсынылады.


Соңғы жаңалықтар