Алматы облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы жұмыстан шығарылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Марат Күштібаев қызметтік тергеу жұмыстарынан кейін қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызметтік тексерістен кейін Ішкі істер министрінің бұйрығымен Алматы облыстық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы өз лауазымынан босатылды», - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Айта кетейік, Алматы облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Марат Күштібаевтың жұмыстан кетуіне әлеуметтік желінде жарияланған аудиожазба себепші болған. Аудиожазбада ер адам өзге полицейлерге жұмыстарын дұрыс істемейтінін сынға алып, былапыт сөз айтқанын естуге болады. Ал осы аудиожазбаны Марат Құсайынов есімді желі қолданушысы екі күн бұрын, яғни 18 қыркүйекте жариялаған.

Естеріңізге сала кетейік, атышулы аудиожазбадан кейін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың 2019 жылғы 19 қыркүйектегі бұйрығымен Алматы облысының Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Марат Күштібев уақытша қызметінен босатылғанын хабарлаған болатынбыз.


Фото: 7sunews.kz

Соңғы жаңалықтар