Алматы облыстық Жастар саясаты басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің өкімімен Жомарт Қаратас облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жомарт Мандатұлы Қаратас 1988 жылы туған. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін, Ө. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын алғашқы әскери дайындық, заңгер, мемлекеттік жергілікті басқару мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысының орынбасары болып бастаған.

Әр жылдарда «Жетісу жастары ұйымының конгресі» Жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының жастар ісі жөніндегі консультанты, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының бас әкімші лауазымдарын атқарды.

2017 жылдың қаңтар айынан осы уақытқа дейін Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры директорының орынбасары болды.

Соңғы жаңалықтар