Алматы облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы тағайындалды

None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Алматы облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментнің басшысы болып Барлық Төреханов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Барлық Адепханұлы 1979 жылы Алматы облысында туған. 2012 жылы Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Мемлекеттік саясат ұлттық мектебін, 2013 жылы «қоғамдық саясат және менеджмент» мамандығы бойынша Дюк университетін (Солтүстік Каролина штаты, АҚШ) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы «Ақнұр» ЖШС-ы директорының орынбасары болып бастаған. Әр жылдары жеке ұйымдарда және Астана қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2007-2012 жылдары Түрксіб аудандық Əділет басқармасының басшысы;

2012-2018 жылдары Алматы облысының Əділет департаменті басшысының орынбасары;

2022 жылдың маусымынан бастап осы уақытқа дейін Жамбыл облысының Табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.


Соңғы жаңалықтар