Валюта бағамдары:
    usd/kzt 457.7 eur/kzt 492.81

    rub/kzt 6.49 cny/kzt 67.49
Ауа райы:
Астана-12-14℃
  Jańalyqtar  >

Алматы облыстық сәулет басқармасының басшысы тағайындалды

2022 жылғы 27 қараша, 03:25

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Алматы облысы әкімінің өкімімен Болат Мұсылманбеков Алматы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Болат Аманжолұлы 1963 жылы дүниеге келген. 1985 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын «сәулетші» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1985 жылы Семей қаласының мемлекеттік жобалау институтында сәулетші болып бастаған. Әр жылдары «Аякөз ауыл құрылысы» мекемесінің жобалау-сметалық тобы бөлімінің басшысы, Аякөз аудандық атқару комитетінің сәулет бөлімінің топ жетекшісі, Аякөз қаласының сәулет және қала құрылысы бас басқармасының 1-категориялық сәулетшісі, «Алматыбасжоспар» жобалау институтының 3-ші дәрежелі сәулетшісі, Алматы халық депутаттары кеңесінің атқару комитетінде бас сәулетші, Алматы облысы жобалау-іздестіру басқармасының көлемді-жоспарлау шеберханасының басшысы қызметтерін атқарған.

2000 жылдан бастап «Күмбез» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болған.


Автор:

Әлихан Асқар

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары