Алматы облыстық коалициясы Елбасы Жолдауын талқылады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» Алматы облыстық коалициясының өкілдері бас қосып, Президенттің биылғы Жолдауын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Алматы облыстық коалиция құрамына 5 партия филиалы, қоғамдық бірлестік жетекшілері, үкіметтік емес ұйым мүшелері кіреді. Жиын барысында Президенттің бұл жолдауы мазмұны жағынан өте күрделі екенін атап өтіп, әр партия филиалының басшылары өз ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ Елбасының Жолдауындағы мақсат-міндеттерді жүзеге асыру тетіктерін бірге қарастыруға уағдаласты. Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген қағидатпен коалиция мүшелері Елбасының тапсырмаларын орындауға бір кісідей атсалысуға сенім білдірді.

 Коалиция төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаевтың айтуынша, ең алдымен Жолдауды өңір тұрғындарына түсіндіру қажет. Ол үшін арнайы ақпараттық топтар құрылып, халықпен кездесулер ұйымдастырылуы тиіс. Ал екінші кезекте Жолдаудағы тапсырмалардың орындалуына жұмыла кірісу керек.

null 

Соңғы жаңалықтар