Алматы облыстық экономикалық сотының барлық қызметкері карантинге оқшауланды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ғимаратында карантин шаралары енгізілді. Осыған байланысты соттың барлық қызметкерлері 7 күнге үй карантиніне оқшауланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ғимаратында COVID-19 ошағын қарқынды дезинфекциялық өңдей отырып, шілде айының 1-і мен 8-і аралығында карантин шаралары енгізілді. Осыған байланысты Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының барлық қызметкері жетікүндік үй карантиніне оқшауланады.

Бұл ретте сот қызметкерлеріне қашықтан (онлайн) жұмыс уақыты белгіленетін болады», - делінген Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты таратқан мәліметте.

Ведомство мәліметінше, істерді қарау неғұрлым кейінгі уақытқа қалдырылды. Тараптарға сот жұмысының басталғаны және істерді қарауды қайта бастау туралы қосымша хабарланады.

Шектеу шараларының режимі мен мерзімі COVID-19 коронавирус инфекциясына қатысты ахуалға орай өзгертілуі мүмкін.


Соңғы жаңалықтар