Алматы облыстық ауруханасында медбикелер Өзбекстан азаматшасын баласын сатуға мәжбүрлеген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облыстық ауруханасында медбике Өзбекстан азаматшасын баласын сатуға мәжбүрлеген. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Медбике баланың құнын 3 мың АҚШ долларына бағалаған. Қазір бала биологиялық анасына қайтарылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 135-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Н. Есімді медбике қазір қамауға алынды.

Қазір қалалық ІІД осыған ұқсас қылмысқа жол бермегенін анықтау үшін облыстағы басқа да ауруханалардың қызметкерлерін тексеріп жатыр.

Белгілі болғандай, 2013 жылдан бері медициналық қызметкерлер жалғызбасты, әлеуметтік жағынан аз қорғалған ата-аналарды үгіттеп, 13 нәрестені сатып жіберген.

Олардың 6-ның биологиялық анасы кім екендігі анықталды. Балалар әлі аналарына қайтарылған жоқ. Сот шешімі шыққанша құзырлы органдар оларды «сатып алушылар» үйінде қалдыра тұру керек деп шешті.

Балалардың құны 1 мыңнан 20 мың доллар аралығында бағаланған. Жақында қылмыстық тергеу жұмыстары аяқталып, іс сотқа жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар