Алматы неге жарықсыз қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Алатау Жарық компаниясы» АҚ электр қуатының жаппай өшуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алатау Жарық компаниясы» АҚ-да қаланың көп бөлігінде электр қуатының өшуіне өздерінің желісі емес, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан КЕGОС жоғары вольті магистралды желісіне байланысты екенін хабарлады.

«9 шілде күні сағат 17.39-да «КЕГОК» АҚ («Алма-500» қосалқы стансасы, Ұзынағаш кенті) 500 кВ «Солтүстік - Оңтүстік» транзит желісінің авариялық ажыратылуы салдарынан Алатау, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Түрксіб аудандарының тұтынушыларын ішінара ажырата отырып, қаланың 44 қосалқы стансасында аварияға қарсы автоматты жүйе (жүктемені автоматты ажырату жүйесі) іске қосылды», - деп атап өтті компания.

18.17-де 500 кВ транзит желі іске қосылды, содан кейін тұтынушыларды жүйелі түрде қосу жүргізілді. Сағат 18.40-та 44 қосалқы стансаның 25-інің тұтынушыларына қуат берілді.

Қазіргі уақытта басқа абоненттерді қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Келтірілген қолайсыздық үшін қала тұрғындарынан кешірім сұраймыз», - деді компания өкілі.


Авторы Алпамыс Исраил


Соңғы жаңалықтар