Алматы нан зауыттары қалай жұмыс істеп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат-Бүгінде Алматыда күніне 80 тонна әлеуметтік нан шығарылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының тіршілікті қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі қалалық штабынан хабарлағандай, қазіргі уақытта Алматы қаласының аумағында 3 ірі нан зауыты-Ақсайнан, Алматынан және Рузинанан нан-тоқаш комбинаттарының жұмысы жалғасуда.

Бұл кәсіпорындар күніне шамамен 80 тонна әлеуметтік нан шығарады. Бұл ретте өндірілетін өнімнің бағасы бұрынғы деңгейде қалды (Ақсайнан- 80 теңге/бөлке, Алматынан – 85 теңге/бөлке).

Жалпы, қала халқын бірінші қажеттіліктегі өнімдермен қамтамасыз ету жағдайы қалыпты.

Бүгін қалада барлық ірі сауда желілерінің (Магнум, Смолл, Тоймарт, Метро, Юбилейный, Столичный, Маймарт, Галмарт, JLC және Асыл Ет), сондай-ақ «У дома» дүкендерінің жұмысы қайта жанданды.

Бұдан басқа, Алматы қаласы мен ел өңірлерінің өндірушілерінен азық-түлік жеткізу арналары қалпына келтірілді.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматы қаласында ірі сауда маркеттері, базар, жанармай құю станцияларының жұмысы жанданды.



Соңғы жаңалықтар