Алматы мұғалімдері 100 пайыз вакцина салдырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мұғалімдер арасында екпе егу науқаны қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте инфекцияға қарсы күресте екпе салудан өзге бір де бір тиімді әдіс жоқ екенін айтты.

«Қосымша айтарым, біздің тарапымыздан мұғалімдер арасында екпе егу науқаны қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде педагогтар 100% екпе алды. Осындай жұмыс жоғары оқу орындарында да жүргізілуде. Студенттерді вакцинамен қамту - 28%. Студенттердің көпшілігі сырттан келетініне байланысты (167 мың студенттің 100 мыңнан астамы) иммундау жұмысы нашар жүріп жатыр», – деді Н. Табынбаев.

1 ақпан мен 27 шілде аралығында Алматыда екпенің I компонентін 690 711 адам алған.

Мегаполистегі медициналық ұйымдарда, мектеп, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен қаланың СОСО-да 212 вакцина пункті жұмыс істейді (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен).

Соңғы тәулікте қалада коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 250 науқас тіркелді. Соның 1 166-сы симптомсыз, 84-і симптомды.


Соңғы жаңалықтар