Алматы метросының қызметкерлері тренажерлермен пойыз жүргізіп үйренеді (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы метрополитенінде бүгін ең алғаш «Электропойыз машинистінің тренажері» жаңа техникалық кешен таныстырылды.

Енді тәжірибелі машинистерді қайта оқыту мен жас машинистерді оқыту осы жүйе арқылы тиімді жүзеге асатын болды. Жаңа кешенді сатып алуға бюджеттен 100 млн теңге жұмсалған.

Үш бөліктен тұратын кабинада машинист жолда келе жатқандай күйде болады. Жаңа жүйе арқылы ол қалай бұрылуды, қалай тоқтауды және жылдамдықты азайтуды үйренеді.

Машинистің автоматтандырылған жұмыс орнында пойызды басқару пультінің көшірмесі, мониторлар орнатылған.

«Метро Алматыда жүргелі бері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін метрополитен ДЭПО-сында машинистерді дайындайтын оқу бөлімін аштық. Оларды қауіпсіздік шараларын сақтауға үйретіп жатырмыз. Жаңа жүйе Қазақстанда алғаш рет іске қосылып жатыр. Жолда келе жатқанда машинистің денсаулығы да сыр берсе, қандай әрекет ету керек? Бәрін алдын-ала жолға шықпай тұрып пысықтаймыз», - деді «Метрополитен» МКК Электрдэпосының басшысы Жеткерген Арзаев.

Мамандардың айтуынша, жаңа құрылғы машинистерді жауапты жұмысқа дайындаудың уақытын қысқартып, кәсіби шеберлігін шыңдауға көмектеспек.
метросының метросының метросының метросының метросының

Соңғы жаңалықтар