Алматы метросының қай бағытта дамитыны айтылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда метрополитеннің даму сызбасы таныстырылды. Қаланың бас жоспарында 60 метро бекеті қарастырылған, ал маршруттың ұзындығы 91,6 шақырымды құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматының Бас жоспарын түзетуді талқылау барысында «Алматыгипрогор-1» компаниясы бас директорының орынбасары Алтай Сатыбалдиев метроның даму сызбасымен таныстырды, оған сәйкес бірінші метро желісі 24 шақырымды (жалпы 22 станция) қамтуы керек. Бүгінгі күні 9 станция (11,2 шақырым) пайдалануға берілді. Екінші желі 18 бекетті (29,2 шақырым), үшінші желі - 18 бекетті (27,2 шақырым) қамтамасыз етеді.
Метро жолдары салынған сызбада бірінші желінің «Қалқаман» шағынауданындағы Батыс автовокзалынан бастап Қапшағайдағы Gate City қалашығына дейін жалғасып жатқанын көруге болады.
Картадағы екінші метро желісі көк түспен белгіленген және ол Алтын Орда ауданынан басталып, әуежай аймағында дейін созылған.
Үшінші желі жасыл түспен боялған. Ол әуежайдан «Хан-Тәңірі» тұрғын үй кешеніне дейін жалғасады (әл-Фараби даңғылынан жоғары).
Іс-шара барысында сарапшылар мен қоғам белсенділері бұл жобаның 2030 жылға дейін жүзеге асырылады дегенге күмәнмен қарады. Себебі, мынандай ауқымды жобаға уақыт тым аз.
«Біз метроның бірінші желісін 2030 жылға қарай жүзеге асырамыз деп отырмыз. Егер метрополитенді жүйе ретінде алсақ, онда ол үш желі болғанда ғана жұмыс істейді. Бұл үшбұрыш. Яғни, жолда тұрған адам кез келген уақытта басқа жолға ауыса алады: екінші немесе үшінші желіге. Көк, қызыл, сары», - деді «Алматыгипрогор-1 « директорының орынбасары Алтай Сатыбалдиев.
Сонымен қатар, ол метрополитенді бас жоспарда не үшін пайдалану керектігін түсіндірді.
«Біз дәліздерді салып жатырмыз, өйткені қала дамиды. Егер метро станциялары белгілі болса, онда біз қала құрылысы жоспарында аумақты метрополитенді ескере отырып дамытамыз. Метро желісі 15 жылдан кейін пайда болуы мүмкін, бірақ біз мұны ескеруіміз керек», - деп қосты ол.
- ШҚО-да боран: «Алматы-Өскемен» тасжолында көлік қозғалысы шектелді
- Қордайда 20-ға жуық жүк көлігі қар құрсауынан шығарылды
- QI-Trade Kazakhstan» қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ресми ақпараты
-
Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
-
Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы қызу талқыланып жатыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам