+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Алматы метросының 20 миллионыншы жолаушысы марапатталды (ФОТО)

2014 жылғы 18 желтоқсан 11:27
Бөлісіңіз:
Алматы метросының 20 миллионыншы жолаушысы марапатталды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы метросының 20 миллионыншы жолаушысы марапатталды. Жолы болғы жолаушы бүгін таңертең сағат 10-дарда анықталды.

Метро стансаларының қызметкерлері таңғы 9-дан бері атаулы жетонды кім алатынын бақылап отырды.

20 миллионыншы жетонды Алматы тұрғыны Анна Чебакова сатып алды. Бүгін оны жұмысқа асығып бара жатқан жерінен метро қызметкерлері Алмалы стансасына алып келіп, телевизор мен метрода жүруге жылдық абонемент сыйлады.

«Ашылғанына 3 жыл толған метрополитен қаламыздың бетке ұстар көрнекті орны екендігі рас. Өткен жылдың шілдесінде біз 10 миллионыншы жолаушыны марапаттаған болатынбыз. 1,5 жыл өткен соң 20 миллионыншы жолаушыны марапаттап отырмыз. Қаламызды экологиялық тұрғыдан таза көліктермен қамтуға көп мән беріліп отыр. Солардың бірі - метрода 7 станса бар. Келер жылдың бірінші тоқсанында тағы екі стансаны Сайран мен Мәскеуді пайдалануға береміз деп отырмыз. Бір ай бұрын қала әкімі жаңа линияны бағамдап қайтты. Линия жұмыс жасауға әзір. Тек қауіпсіздік шаралары мен қосымша жұмыстар ғана қалды», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Юрий Ильин.

Оның айтуынша, жерасты жүрдек пойызының қызметін 2012 жылы - 5 млн адам, 2013 жылы - 6,3 млн адам, биыл 6,8 млн адам пайдаланған.

Өз кезегінде жолы болғыш жолаушы күтпеген тосын сыйға кенелгенін жасырмады.

«Мен кездейсоқ тап болып отырмын. Оны растай аламын. Алматы қаласының метросына одан әрі кеңейіп дами беруіне тілектеспін. Алматы қаласының әкімдігі мен метро басшылығына үлкен рахмет», - деді Анна Чебакова.

2 3 4 5 6

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT