Алматы метросындағы ұрлыққа қатысты іс бойынша 52 куәгерден жауап алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Медеу аудандық сотында «Алматыметроқұрылыс» АҚ-ның бұрынғы бас директоры М.Үкшебаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінде аталған іс бойынша 52 куәгерден сұрақ-жауап алынды, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Сотталушылардың қатарында «СредАзЭнергоСервис» ЖШС-нің директоры К.Антипов пен «Алматыметроқұрылыс» АҚ-ның мемлекеттік сатып алудағы құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Е.Қалдыбаев та бар.

Оларға ҚР ҚК 176-бабының 4-бөлігінің «б» тармағымен, 307-бабының 4-бөлігімен, 193-бабының 3-бөлігінің «а,в» тармақтарымен көзделген қылмыс жасады деген айып тағылып отыр.

Яғни, іс материалдарына сәйкес, айыпталушылар алдын ала келісу арқылы 2 503 060 500 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты ұрлаған.

113 томнан тұратын қылмыстық іс 2015 жылдың 13 қазанынан бері сот өндірісінде қаралуда. 2015 жылдың 22 қазанында сот талқылауы басталды. Іске 64 куәгер тартылып отыр.

Соңғы жаңалықтар