Алматы метросында жерасты мұражайы ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жерасты жолы нағыз өнер ордасына айналды.

М.Әуезов атындағы драма театры стансасында бүгін академиялық театр мен Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көрмесі ашылды. Жолаушылар назарына театр қорында сақталып келген сахналық костюмдер, театр афишалары, фото суреттер ұсынылды. Сонымен қатар, жолаушылар өмірден өтіп кеткен сахна саңлақтарының заттарын ұстап көріп, рухани азық алуда. Қазірге дейін сапар шегіп бара жатқан 200- ге тарта жолаушы көрмені тамашалап шықты. Қызығушылық білдіргендердің арасында Кореядан келген меймандар да, шалғайдан келген ауыл тұрғындары да бар.

«Бұл біздің ұйымға хабарласқан жастардың пікірінен туындаған идея. Жастарымыз әсем де кең метро стансаларының бос тұрмай, халықтың рухани баюына септігін тигізуін қалады. Осы оймен ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне шықтық. Министрлік тарапынан кеңінен қолдау тапқан идеямызды театр басшылары да қуана құп алды», - деді «Қаламгер Азамат» жас журналистер қорының жетекшісі Азамат Қырықпаев.

Метро жолаушылары бір апта бойы театр өнерімен етене танысатын болады.

Ал, болашақта жерасты стансаларында спектакльдерден үзінді қою жоспарланып отыр.

«Келесі жылы Наурыз мерекесіне орай метрода Алматыдағы 4 театрдың шығармашылық ұжымдары спектакльдерден үзінді қоятын болады. Абай атындағы опера және балет театрының әртістері ариялардан үзінді орындайтын болады. Менің ойымша, метроны халық игілігіне осылай да жаратуға болады», - деді А.Қырықпаев.

Соңғы жаңалықтар