Алматы метросында суретші Аңсаған Мұстафаның картиналар көрмесі ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Байқоңыр» метро стансасында суретші Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет» атты әлеуметтік картиналар көрмесі ашылды.

Көрменің ашылуы салтанатты түрде, лентаны кесу рәсімімен, музыканттардың сүйемелдеуімен және қазақтың дәстүрлі шашуымен өтті. Суретші жиналған жұртшылыққа алғысын айтып, оны шабыттандыратын жайттар туралы баяндады.

«Маған бір бойжеткеннің шығармашылығыма алғыс білдірген хаты нағыз мойындау болды. Оның сөздерінше, күйеуімен ажырасқалы жүрген ол өзінің жүкті екенін білмеген, ал некесі бұзылған соң жасанды түсік жасатуды шешті. Бірақ бір кеште менің ғаламтордағы жұмыстарыма кезіккен ол оған бармайтынын шешкен екен. Ол маған баласының суретін де жіберді», - деп баяндады Аңсаған.

Суретшінің туындылары біздің күнделікті өмірімізде кезігетін және жаңалықтардан көретін әлеуметтік проблемаларымызды көрсетеді. Бұл үлкен және кіші буын арасындағы проблемалар, алкоголь мен темекінің жастарға тигізетін кері әсері, пайдакүнемдік үшін арын сату және тағы басқалары.

50 жұмыс ұсынылған көрме 25 қарашаға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар