USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Алматы метросында пранк жасаған үш жігіт жауапқа тартылды

2021 жылғы 18 қараша 10:16
Бөлісіңіз:
Алматы метросында пранк жасаған үш жігіт жауапқа тартылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы метросында жолаушыларға пранк жасаған үш жігіт жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет қасіретті қаңтар оқиғасына қатысты жайттарды жасырмай, ашық айтып жатыр – Марат Бәшімов Алматыда дүңгіршектерді тонаған үш қыз бен екі жігіт ұсталды Күшіміз бірлікте: Алматыда күнделікті екі мың адамға тағам дайындалып, таратылуда

Метрополитендегі полиция басқармасының мәліметінше, үш жас жігіт Алматы метросының жолаушыларына пранк жасаған. Олар музыка колонкасының көмегімен әуенді қатты қойып, азаматтардың наразылығын тудырған. Кейбір жолаушылар әуеннің кенет қатты ойнайтынын күтпегендіктен, қорыққан. Олардың бірі «Жібек жолы» бекетінде қызмет ететін полиция қызметкерлерінен көмек сұрады.

«Қоғамдық тәртіпті бұзғандар инспектордың заңды талаптарына қарсылық танытты. 19 және 22 жастағы А, К. және А.есімді азаматтардың әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы бойынша ұсақ бұзақылыққа жатқызылды. Әкімшілік істің материалдары жинақталып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», - деді метрополитендегі ПБ бастығының орынбасары Қайрат Жұрынов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT