Алматы метросында пойыздың не үшін тоқтап қалғаны белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы метросында пойыздың не үшін тоқтап қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Метрополитен» КМК баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Алмалы мен Абай стансалары аралығында пойыздың өрт дабыл жүйесі іске қосылған.

«Машинист көрсеткіштердің дұрыс қосылмағанына көз жеткізіп, қосалқы поезды талап етті. Соның көмегімен пойыз Абай стансасына жеткізіліп, кейін электродепоға шығарылды. Қазіргі уақытта жабдық іске қосылды, пойыз жарамды күйде. Техникалық байқау мен сынақтардан өткен соң желіге жіберіледі»,- деп атап өтті «Метрополитен» КМК баспасөз қызметі.

Қозғалыс кестесінің үзілуі 28 минутқа созылды. Сағат 18:00-де пойыздардың қозғалыс кестесі қалпына келтірілді.

Бұған дейін Алматыда жолаушылар метрода қамалып қалғаны туралы жазған болатынбыз.

Айта кетейік, 30 мамыр күні жаңа «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро станциялары іске қосылған болатын .


Соңғы жаңалықтар