Алматы метросында өтірік жөтеліп жұртты шошытқан пранкер 10 тәулікке қамалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы метросында жұртты шошытқан пранкер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында 23 жастағы қала тұрғынының өтірік жөтелу арқылы метрополитен жолаушыларын қорқытып жүргені анықталды.

«Жұрт онсыз да алаңдап отырған кезде Х. есімді азаматтың істеп жүрген ісі ақылға сыймайды. Хайп үшін жас жігіт барлық моральдық және этикалық нормаларды аяқасты етті. Бұл әрекеті үшін полиция қызметкерлері оны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша жауапқа тартты. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», - деп хабарлады Алматының Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сот отырысы басталар алдында пранкер жұртшылықтан кешірім сұрады.


Соңғы жаңалықтар