Алматы метросында өрт шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматы метросының Мәскеу стансасында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт туралы хабарлама түскі 14.00-де түскен.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, тілсіз жау электр қалқаннан шыққан.

Қызыл жалын  0,2 шаршы метр аумақты шарпыған.

Тілсіз жау өрт сөндірушілер келгенше сөндірілген. 

Соңғы жаңалықтар