Алматы метросында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Санкт-Петербор метрополитеніндегі жарылыстан кейін Алматы метросында жолаушыларды тексеру-бақылау шараларын күшейтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

3 сәуір күні кешке басталған жолаушыларды тексеру шаралары қазіргі уақытта тоқтатылған жоқ. «Алматы метрополитені» КМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, қауіпсіздік шарасы аясында ең бірінші кезекте бақылау жұмыстары күшейтілген. Бұл бағытта ІІБ-мен бірлескен ұйымдастырушылық шаралары жүргізіліп жатыр.

«Металліздеуші, рентген-телевизиялық өткізбе жолымен жабдықталған арнайы аппарат арқасында барлық жолаушы бақылаудан өтеді. Жолаушыларға қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарау сұралды. Бақылау шараларының күшейтілуі жолаушылардың пойыздарға өту  уақытына кедергі келтірмеуі керек. Себебі, қауіпсіздік шаралары тұрақты түрде жүргізіліп отырады», - деді метроның баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, 3 сәуір күні Санкт-Петербург метрополитенінде  «Сенная площадь» және «Технологический институт-2» станциялары арасында жарылыс болып, 11 адам қаза тапты, 50 адам жапа шекті.

Соңғы жаңалықтар