Алматы метросында интернет пен мобильді байланыс пайда болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы метросында биыл интернет пен мобильді байланыс желісі қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы метрополитен» МКК баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, мобильді байланыс жерасты жолының барлық стансаларында қосылады.

«Метрополитенде арнайы құрылғы орнатылады. Сол құрылғы жерүстіндегі GSM-жиіліктерді жерастына тарататын болады. Қазір бұл құрылғы арнайы техникалық тестілеуден өтіп жатыр. Биыл күзде іске қосылатын болады», - деді Алматы метрополитенінің баспасөз хатшысы Игорь Сахар.

Сонымен қатар, 2018 жылы Сарыарқа мен Достық стансаларының құрылысы басталмақ. Бірінші нүктенің вестибюлі Family park аймағында болса, екіншісі Абай-Момышұлы көшесіне шығатын болады.

Бұл нысандар метро жолаушыларының санын күніне 20 мыңға арттырмақ.

Биыл жерасты жүрдек пойызының қызметін 14 млн жолаушы пайдаланған.

Соңғы жаңалықтар