Алматы метросында белгісіз біреулер 20 жастағы жігітті тапаншамен қорқытып, соққыға жықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы метросында екі ер адам 20 жастағы жігітті тапаншамен қорқытып, соққыға жыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жанжал салдарынан 20 жастағы жас жігіт жарақат алған.

Оған медициналық көмек көрсетілді.

«Күдіктілер ұсталды. Олардан қарсыласын қорқытқан тапанша тәркіленді. Тапаншаның кімге тиесілі екенін анықтау үшін сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Тексеру кешенінің қорытындысына қарай күдіктілердің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Метродағы төбелесті куәгерлердің бірі суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.


Соңғы жаңалықтар