Алматы метросында әртістер Қазақстан әнұранын айтып, флеш-моб ұйымдастырды - ФОТО

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда метро жолаушыларына Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай мерекелік арт-моб ұйымдастырылды. Бұл туралы «Метрополитен» МКК баспасөз қызметі хабарлады.

Метро стансаларында этномәдени ұйым өкілдері ұлттық тағамдардан дастархан жайып, жолаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ал пойыз ішінде әртістерден құралған топ Қазақстанның әнұранын айтып, флеш-моб ұйымдастырды.

Әуезов атындағы драма театры стансасынан түскен жолаушылар халықтық хор мен өнер ұжымдары мерекелік концертін тамашалады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған шара Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұлттардың бірлігі мен достығын нығайтуға және отаншылдық сезімін арттыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар