Алматы метросына «Мәскеу» стансасының сол жақ туннелі түйістірілді (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы метросына «Мәскеу» стансасының сол жақ туннелі түйістірілді. Салтанатты шараға қала басшысы Ахметжан Есімов қатысты.

«Мен барлық стансалардың түйісуіне қатыстым. Өйткені бұл үлкен оқиға, үлкен еңбек. Көктемде жерасты жолының оң жақ бөлігі түйістірілді. Бүгін сол жақ бөлігін түйістіру жүзеге асты. Негізгі ауыр жұмыс аяқталды. Осыдан кейін жерүсті жолын қалпына келтіруді қолға аламыз», - деді қала басшысы. Әкім «Сайран», «Мәскеу» стансаларының құрылысы бекітілген уақытта жүзеге асып келе жатса да, шешілмеген түйткілді мәселелер әлі де бар екенін айтты. «Бастысы, мемлекет тарапынан қаржылық қолдау бар. Жыл соңына дейін екі стансаның құрылысы аяқталып, сынақ кезеңінен өтеді. Қаланың шеткі аудандарының орталықпен қосылуы - тұрғындарға берілген үлкен игілік», - деді А.Есімов. Қала басшысы метроның батыс бағыттағы құрылысы жалғастырылатын айтты. Оған қажетті құжаттар реттеліп, қаржы да бөлінген.

Соңғы жаңалықтар